Кандидат Азат Құсайнов «Семей инжиниринг» АҚ ұжымымен кездесті
№6 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясының атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Азат Құсайнов өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Семей инжиниринг» АҚ ұжымымен кездесті.
«Семей инжиниринг» АҚ - бұл бронетранспортерлерді қайта құру және модернизациялау, конверсиялық жабдықтар мен азаматтық құрал-жабдықтарды жасау бойынша жұмыстар мен қызметтердің толық спектрін шығаратын мамандандырылған кәсіпорын.
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, округ тұрғындарының проблемалық мәселелерін шешу жолдары туралы айтып берді.
Азат Құсайнов өзін сөзбен емес іспен дәлелдегісі келетінін алға тартып отыр. Оның заң және қаржы саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын әскери мекемелерде әскери заңгер, «ҚТЖ» ҰК АҚ-да, «Банк ЦентрКредит» АҚ-да, «Еуразиялық банк» АҚ-да заңгер және қаржыгер, соңғы 5 жылда заң бөлімінің бастығы және «Jusan Bank»АҚ-да бөлшек бизнес жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, «Семей инжиниринг» АҚ қызметкерлері кандидатты толығымен қолдады.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.