Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Бізде қоғамның назарына іліне бермейтін жерлер бар – Азат Құсайнов

15-03-2023, 16:47 018.kz

№6 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясының атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Азат Құсайнов Комсомол кентінің үш тағанында орналасқан теміржолшылармен кездесті.

Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, аталған аумақтағы мәселелерді талқылады.

«Ұзақ жылдар өтсе де, кент аумағындағы үш тағанға жергілікті билік тарапынан ешқандай көңіл бөлінбеген. Ол жақта көптеген тұрғын үйлер шоғырланған. Аумақтағы инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда инфрақұрылымды дамытуды тілге тиек еттім. Егер халық қолдаса, мен округ аумағын түбегейлі өзгертуге уәде беремін», - деді Азат Құсайнов.

Сондай-ақ, кандидат қалалық №1 және теміржол ауруханасының ұжымдарымен кездесті.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында медицина, білім беру, спорт және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуді көздеп отыр. Бірінші кезекте олардың денсаулық жағдайын жақсарту, сапалы медицинаға қол жеткізу міндеті тұр.

Осы мақсатта аурухана қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарлама түсіндірілді. Денсаулық мықты болу үшін, кадрлар білікті болуы қажет. 

Кандидат егер депутаттық мандатқа ие болып жатса, медицина қызметкерлерінің біліктігін арттыруды жан-жақты қарастыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Азат Құсайнов Семей қаласының № 22 жалпы орта білім беретін мектеп- лицейінде кездесу өткізіп, ұстаздар қауымымен білім мәселесін талқылады.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив