Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Кандидат Шынар Хасенова №4 қалалық емхана ұжымымен кездесті

16-03-2023, 12:02 018.kz

№4 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясының атынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Шынар Хасенова Семей қаласының №4 қалалық емханасының ұжымымен кездесті.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ұмтылу қажеттігін айтады. Бірінші кезекте пациенттің денсаулық жағдайын жақсарту, сапалы медицинаға қол жеткізу міндеті тұр.

Кандидат осы мақсатта емхана қызметкерлерімен медицина сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстарды талқылап, өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Денсаулық мықты болу үшін, кадрлар білікті болуы қажет. 

Кандидат егер депутаттық мандатқа ие болып жатса, медицина қызметкерлерінің біліктігін арттыруды жан-жақты қарастыруды жоспарлап отыр.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив