Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семей қаласының автопарктері жаңа автобустармен толықты

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Жылдар бойы қоғамдық көлік Семей қаласының басты проблемаларының бірі болды – автобус пен жүргізушілердің жетіспеуі, тасымалдаушылар мәселесі шешілмеуі.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов атап өткендей, 18 жаңа автобус сатып алынды. Олар жақын арада желіге шығады.

– Өткен жылы тасымалдаушылар 70 автобус сатып алды, ал биыл автопарктер 90 автобусқа жаңарды. Қазіргі уақытта 18 жаңа автобус дайын, оның 10-ы үлкен, 8-і кіші классты. Жалпы, біз 160 автобус ауыстырдық, бұл – көлік паркінің шамамен 50%-ын құрайды. Жаңа шағынаудандар, мысалы, Комсомол кенті, Қарағайлы да қоғамдық көлікпен қамтылып отыр, өткен жылы №45-ші маршрутты іске қостық, биыл №10-шы маршрутты іске қосып жатырмыз. Сонымен қатар, қоғамдық көлікті дамыту бойынша жаңа кешенді жоспар дайындалады, осы жоспар аяқталғаннан кейін жаңа маршруттар әзірленеді. Биыл, тасымалдаушыларымыз субсидия алғандықтан, көлік паркін жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Екі жыл бұрын автобус техникасының шығуы 50% болатын, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 75%-дан төмен емес”, - деп атап өтті қала әкімі.

«Авто Транс Семей» ЖШС құрылтайшысы Григорий Пинчук автобустардың үлкен классты модельдері №33 және №31 маршруттарында, ал кіші классты автобустар 17 және 44 маршруттарында қызмет көрсететінін айтты.

– Жалпы, біздің паркте әртүрлі класты 300-ге жуық автобус бар, шамамен 300 жүргізуші жұмыс істейді. Дегенмен, D санаты бойынша жүргізушілердің тапшылығы 50-100 адам шамасында. Біз жүргізушілердің ауысымдық жұмысын қарастырып жатырмыз, егер жұмысшылар саны жеткілікті болса, жұмыс екі ауысыммен жүрер еді. Сонымен қатар, келесі жылы орта классты 40-50 автобус сатып алуды жоспарлап отырмыз, өйткені қазіргі уақытта қолданыстағы автобустардың ресурсы таусылған, - деді Григорий Пинчук.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив