Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.07 541.86 6.08

Кандидат Ермек Мурумбаев қаланың шеткі аумақ тұрғындарымен кездесті

16-03-2023, 16:16 018.kz

№16 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясының атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ермек Мурумбаев Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектепте «Құс фабрикасы» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Ол партия жақтастарымен бірге өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қаладағы қордаланған мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында ұлтты ұйыстыратын білім мәселесіне тоқталып, оны жапондық негізге сүйене отырып, 4 тағанын қалыптастыруды атап өтті.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына партиялық бақылауды жүзеге асыру қажеттігін алға тартты.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив