Кандидат Шынар Хасенова үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде
№4 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясының атынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Шынар Хасенова үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Ол өзінің округіне қарасты шағын аудандар мен аймақтарды аралап сайлауалды бағдарламасын таныстыруда.
Кандидаттың алдында бірқатар міндеттер тұр. Олар:
• білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелерін шешуге ұмтылу, осы салаларды қаржыландыру мәселелерін шешу;
• медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ұмтылу;
• округіміздің тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету;
• көшелер мен аулаларды абаттандыру мен жарықтандыруға ықпал ету; қоқыс шығару;
• сыбайлас жемқорлыққа және лауазымдық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
• мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына партиялық бақылауды жүзеге асыру;
• қолданыстағы заңнама шеңберінде өз округіндегі кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін үнемі қорғау.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.