Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысының оқушылары халықаралық робототехника чемпионаттарына жолдама алды

25-11-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Аbai Regional FIRST Championship 2024 аймақтық кезеңі өтті. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары және Абай, Ақмола, Жетісу облыстарынан 25 команда, 160 қатысушы қатысты. Байқау FLL Explore, FLL Challenge және FIRST Tech Challenge бағыттары бойынша ұйымдастырылды.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірқатар команда халықаралық деңгейде ел намысын қорғау құқығын иеленді.

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының Region18 командасы 14-16 желтоқсанда Индонезияда өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алды. Электротехникалық колледждің Алаш командасы ақпанда Үндістанда өтетін чемпионатқа қатысады. FTC бағыты бойынша Alash, Region18, Rai, Tengri командалары Орталық Азия чемпионатында бақ сынайды. FLL Challenge бойынша 2 Ro Álemi және НЗМ командалары аймақтық жарыстарда ел намысын қорғайды. Explore бағыты бойынша №5 гимназия және BilKids командалары Орталық Азия чемпионатына жолдама алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив