Ұлттың қазынасы бүгінгі жас ұрпақта – Ермек Мурумбаев
№16 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясының атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ермек Мурумбаев бүгінгі жас ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, кандидат еңбекке баулу мен денешынықтыру пәндеріне көзқарасты өзгерту қажеттігін алға тартты.
Оның айтуынша, жазғы демалыс уақыттарында балаларды мектеп учаскесінде және табысты кәсіпорындарда еңбек практикасын ұйымдастыруды қолға алу қажет. Оқушылардың денешынықтыру, балалар спортына қызығушылығын арттыру үшін спорттық дәрежелеріне сай төсбелгілер шығарып (Спорт шебері, спорт шеберіне үміткер, 1 дәрежелі, 2дәрежелі, 3 дәрежелі) нәтижеге жеткен жас спортшыларды марапаттау керектігін айтты.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.