Respublica-ның Абай облыстық штабына халықаралық бақылаушылар келді
«Respublica» партиясының Абай облыстық штабына ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының бақылаушылары келді.
Бақылаушылар үгіт-насихат жүргізу, оның ішінде әлеуметтік желілерде, барлық деңгейдегі сайлау әкімшілігінің жұмысы, сайлауға қатысты заңнама және оның орындалуы, негізгі бостандықтарды құрметтеу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сайлау дауларын шешу сияқты сайлаудың барлық аспектілерін мұқият қадағалайды. Олар сондай-ақ ДИАҚБ-ның сайлауға қатысты бұрынғы ұсынымдарының орындалуын бағалайды.
Сайлау күні ДИАҚБ миссиясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясымен күш біріктіріп, сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беруді, бюллетеньдерді санауды және нәтиже шығаруды бақылайды.
Кездесу барысында ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының бақылаушылары «Respublica» партиясының құрылуы, тіркелген кандидаттары туралы ақпараттар алды.
Елімізде орнаған саяси жүйеге қызығушылықтарын танытып, партиялардың жұмысына баса назар аударды.
Халықаралық бақылаушылардың еліміздің әр өңірінде өкілдері бар. Олар сайлаудың әділ, таза әрі дұрыс өтуін бақылайтын болады.
«Respublica» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқылауға және ұсыныстарға әрдайым ашық: https://re3.kz/reg?re=Abay
Әрбір кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан таныса аласыздар!
19 НАУРЫЗ ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДЕ «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ! БІЗДІҢ БЮЛЛЕТЕНДЕГІ САНЫМЫЗ - №3!
Шығарған: «Abay Media Group» ЖШС-і. Тапсырыс беруші: А. Айтмұқаш, Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Respublica» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
#REspublica2023 https://www.instagram.com/respublica_abay/