Жастарда мәселе болмауы қажет – Еркебұлан Тұрсын
№6 бірмандаттық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Еркебұлан Тұрсын жастарда мәселе болмау керектігін алға тартады.
«Болашақ жастардың қолында, - деп айтқанымызбен, ол сөз жүзінде ғана. Қазіргі жастардың басым бөлігінде тұратын баспаналары жоқ. Барлығы жалдамалы пәтер сауғалап жүр. Оқуды тәмамдап жас маман атанғандарға ең алдымен қолайлы орта мен тұрақты жұмыс орны қажет. Қолайлы орта болуы үшін оның тұрақты баспанасы болуы керек», - дейді ол.
Айта кетейік, Еркебұлан Тұрсын осы уақытқа дейін жастарға арналған «Абай Жастары» тұрғын үй жобасын іске асыруға үлкен үлес қосқан болатын.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Тағыда оқыңыз
Шәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыТ. Дүйсенова сенаторларға Әлеуметтік кодекстің жобасын таныстырдыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыМәжіліс депутаттығына үміткер Гүлжанат Рахатқызымен сұхбат