Семейдің жырға айналған қоғамдық көлік мәселесіне нүкте қойылуы керек – Еркебұлан Тұрсын
№6 бірмандаттық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Еркебұлан Тұрсын Семей қаласындағы қоғамдық көлік мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Қаланың автокөлік кәсіпорындарының тасымалдау шарттарын қайта қарау керек, олар таңертеңнен кешке дейін барлық жолаушыларды көлікпен толық қамтамасыз етуі шарт. Автобус қозғалысының режимі мен кестесі тасымалдаушыларды емес, қалалықтарды қанағаттандыруы керек», - дейді ол.
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында автобустардың ыңғайлы әрі қолайлы болуын талап ету, автобус паркін жаңарту және жүргізушілер мен кондукторларға жағдай жасаул қажеттігін алға тартып отыр.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Жастарға жол: кандидат Еркебұлан Тұрсынның сайлауалды бағдарламасыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ