Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.07 541.86 6.08

2023 жылдан бастап азаптауды тергеумен тек прокурорлар айналысады

18-03-2023, 09:23 018.kz

2023 жылы 1 қаңтардан бастап азаптауды қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу прокуратура органдарына бекітілді.

Абай облысының аумағында қылмыстық-атқару жүйесінің 4 мекемесі және пробация қызметінің 14 бөлімі жұмыс атқарады.

Облыс бойынша 2 167 сотталған жазасын өтеуде (мекемелерде – 1 348, пробация есебінде – 819).

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық түзеу мекемелер үздіксіз бейнебақылаумен жарақтандырылуда, сондай-ақ азаптауға мүлдем төзбеушілік мәдениетін енгізу үшін прокуратура және ҰАТ өкілдерінің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен жұмыс кездесулері өткізілуде.

Кез келген азаматта түзеу мекемелер немесе пробация қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттер туралы ақпарат болуы мүмкін, осыған байланысты Абай облысының аумағында осындай мәліметтер болған жағдайда орынға шығуды жүзеге асыру және тиісті шаралар қабылдау үшін прокуратураға +7 775 250 79 57 нөмірі бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив