Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Семейде қоқыс шығару мен заңсыз қоқыс орындарын жою мәселелері талқыланды

3-12-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және заңсыз қоқыс орындарын жою мәселелері қаралды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Серғазиновтың мәліметінше, қазіргі таңда Семей қаласында 153 998 нысан бар, олардың 90 946 пәтерлер, 41 314-і жеке үйлер, ал 21 738-і саяжайлар. Жеке секторда қоқыс шығару бойынша келісімшарт жасағандар саны небәрі 5526 үйді құрайды: 2895-і сол жағалауда, 2631-і оң жағалауда.

Нұрлан Серғазиновтың айтуынша, кейбір тұрғындар қоқысты шығарудың балама тәсілдерін іздестіреді, бұл ресми келісімшартқа отыруға кедергі келтіруде.

Сонымен қатар, кейбір аудандарда тұрғындардың қоқыс шығару бойынша келісімшарт жасау тәртібі туралы ақпаратының аздығы және қызметке қолжетімділіктің шектеулілігі мәселелері өзекті болып отыр. Бұл проблемаларды шешу үшін «Учаске» жедел-алдын алу шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске қала әкімінің округтердегі инспекторлары, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, «Семей Тазалық» ЖШС өкілдері және учаскелік полицейлер тартылған.

Жиналыста заңсыз қоқыс орындарын жою мәселесі де қаралды. Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ербол Саркучиковтың мәліметінше, ғарыштық мониторинг арқылы 102 заңсыз қоқыс орны анықталып, барлығы толығымен жойылған.

Нұрбол Нұрсағатов аумақтарды бақылауды жалғастыруды және алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив