Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Жаңасемей ауданындағы әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарын жандандыру қажет

8-12-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданы Қайнар ауылында болды. Сапар барысында өңірдегі әлеуметтік нысандармен танысып, оларды одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

Делегация С.Бегалин атындағы орта мектепте болды. Бүгінде мұнда 147 оқушы білім алуда. Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту және қосымша педагогикалық кадрларды тарту мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылды.

Сондай-ақ әкім орынбасары Қайнар ауылындағы 300 орындық Мәдениет үйіне де атбасын бұрды. Мәдениет үйінде «Қайнар» халық театры, халық ән-би ансамблі, сондай-ақ «Мейзек» балалар ансамблі белсенді жұмыс істейді. Сапар барысында Жасұлан Сәрсебаев жергілікті ұжымдардың шығармашылығын кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтіп, мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды.

Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені де назардан тыс қалмады. Кешенде күрес залы, екі ойын залы және ауданы 720 шаршы метр спорт залы бар.

368 орынға арналған «Знаменская орта мектебі» КММ барған делегация білім мекемесінің бүгінгі жағдайын көзбен көрді. Қазір мұнда 1-11 сыныптар аралығында 164 оқушы білім алуда, сонымен қатар 15 балаға арналған мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді.

Жұмыс сапарының соңында Жасұлан Сәрсебаев аудан әкімдігіне әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарын жандандырып, олардың мәселелерін жедел шешу үшін тұрғындармен тығыз байланыста болуды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив