Семейде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті

2024 жылғы 6 желтоқсанда Семей қаласы әкімі аппараты басшы Нұржан Ерғалиұлы Есенжоловтың басқаруымен Alikhan Bokeikhan университетінің акт залында дербес бөлімдер мен квазимемлекеттік сектор ұйым қызметкерлерінің қатысуымен жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдармен жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» (бұдан әрі - ӘРПК) әкімшілік рәсімдерінің нормалары мен қағидаттарын қолдану практикасын түсіндіру мақсатында оқыту семинары өткізілді.
Семинарға ӘРПК-ге қатысты мәселені талқылау үшін Абай облысы Әділет департаменті Семей қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушылары Асем Акашевна Нуржакупова, Динара Орынбасаровна Узбаканова, Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 20 мекемесінің жеке құрам бойынша аға инспектор-психологы Ұлдана Ғалымжанқызы Мукатаева, Абай облысы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас менеджері Гүлжан Серікқанқызы Серікбаева қатысты. Семинарда «Шағым беру. Шағым беру тәртібі, шағымды қарау және шағым бойынша шешім», «Күйзеліс. Күйзелістік жағдайлардың психологиялық алдын алу жолдары» тақырыптарында дәрістер оқылды.
Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Рысгүл Айтмұқашқызы Ботебаева «Өтініштермен жұмыс кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша тәжірибелік ұсыныс» атты тақырыпта дәріс оқып, әдістемелік көмек көрсетті. Сұрақ-жауап кезеңінде қызметкерлер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдеріне жұмыс барысында туындайтын проблемалық сұрақтарын қойып, жауаптар алды.