Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Семейде энергетика саласының мамандарына құрмет көрсетілді

20-12-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қалалық әкімдігінде Энергетиктер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов еңбекқорлығымен ерекшеленген «Теплокоммунэнерго» МКК мен «БЭСК» АҚ қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады.

«Сіздер күн сайын ауа райына және мезгілге қарамастан, қаламыздың игілігі үшін адал қызмет етесіздер. Өндірістік міндеттерді мінсіз орындап, өзара қолдау көрсетудегі жауапкершіліктеріңіз үшін баршаңызға Семей қаласы әкімдігі атынан зор алғысымды білдіремін», — деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив