Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Семейде бағаны тұрақтандыру мәселесі қаралды

10-01-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы А.Ж. Амангелдинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Семей» ӘКК» АҚ-ның қызметіне қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу тетіктерінің бірі болатын өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерін іске асыру мәселелері талқыланды.

Тұрақтандыру қорының негізгі мақсаты – нарықтағы баға саясатын тиімді жүргізу, маусымаралық кезеңде (қараша–мамыр айлары) сұранысқа ие азық-түлік өнімдерінің нарықтық бағасын тұрақтандыру.

Абай облысы бойынша 2024–2025 жылдарға арналған «Семей» ӘКК» АҚ жергілікті ауылшаруашылық өндірушілерден 5 483 тонна картоп пен көкөніс (сәбіз, қырыққабат, пияз) сатып алды.

Бүгінгі күні «Семей» ӘКК» АҚ жеміс-көкөніс және бакалея өнімдерін (күріш, қарақұмық жармасы, қант, күнбағыс майы) 9 фирмалық павильонда және 39 «үй жанындағы» дүкендерде сатылуда. Картоп пен көкөністің бөлшек саудадағы бағасы бір келі үшін 115 теңге.

Тәжірибе көрсеткендей, сапасы жоғары және бағасы төмен бұл өнімдер халық арасында үлкен сұранысқа ие болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мен төмендетуге ықпал етуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив