Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Көпбалалы аналардың мәселесі қашан да өзекті

20-01-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов көпбалалы аналармен кездесу өткізіп, олардың әлеуметтік жағдайы мен мәселелерін тыңдады. Кездесуге бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Кездесу барысында аналар атаулы әлеуметтік көмек, балалар алаңдарын салу, жарықтандыру мәселесін қозғады. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегінің ұзақ жылдарға созылатынына шағымданған көпбалалы аналар, баспаналы болу үшін жаңа мүмкіндіктер мен шешімдер қажет екендігін айтты.

Қоғамдық көлік пен көлік қызметінің сапасы да аналардың назарынан тыс қалмады.Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер де талқыланды.

Кездесу соңында әкім барлық бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.


 

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив