Антикор «Теплокоммунэнерго» МКК-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады
2023 жылғы 17 наурызда Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ЖАО-мен бағаны жасанды түрде көтермелеу мәселесі қаралды.
Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов өз сөзінде МКК қаражатты жымқыруға, шарттар жасасу барысында үшінші тұлғалардың мүдделерін қолдау және жылу орталықтарының желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін тәуекелдерді айтты.
МКК-нің басқарушы штаттық құрамының тым көптігіне ерекше назар аударды.
Отырыс соңында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аппаратқа МКК қызметінде ішкі аудит жүргізуді, ал жаңадан тағайындалған директорға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.
Мемлекеттік сатып алу бағасын жасанды түрде көтермелеу тәуекелдерін азайту мақсатында ЖАО-ның жанынан орталықтандырылған есепші механизмін енгізуді ұсынды.