Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Бородулихада жаңа мешіттің іргетасы қағылды

24-03-2023, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Бородулиха ауданында «Қарбай» мешітінің жаңа ғимаратының іргетасы қағылды.

Рәсімге Абай облысы бойынша өкіл имам Асқар Әбітайұлы, аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин және зиялы қауым өкілдері, шаруа қожалық басшылары мен аудан ақсақалдары қатысты.

Салтанатты шарада Ерлан Зайтенов 15 млн.теңгеге, Талғат Оразаев 20 млн.теңгеге, Валерий Лопатин 20 млн. теңгеге, Волод Оганесян 10 млн. теңге, Умар Сайдулаев 5 млн. теңге, Рахметолла Сарсембаев 3 млн. теңге, Дамир Бергенев 1 млн.теңге көлемінде қаржылай көмек берді.

«Мешіт құрылысына қолдау білдіріп жатқан барша кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз. Аудан халқы да шынайы ниеттерімен өз үлестерін қосуда. Сіздерге Алла Тағала разы болсын! Құлшылық үйінің құрылыс жұмыстары сәтті аяқталып, халық игілігіне қызмет атқарады деп үміттенеміз», – деді сөзінде Бородулиха ауданының бас имамы Әріпжан Қожанұлы.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Рахимов мешіт құрылысының сәтті аяқталуына ниет етіп құрбандық шалды. Еті мұқтаж отбасыларға таратылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив