Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
489.15 533.47 5.64

Білімге тең қол жеткізу: Қазақстан Марракеш шартын ратификациялады

29-01-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 28 қаңтарында Астанада ҚР Президенті «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Марракеш шарты, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) 2013 жылы қабылданған болатын. Ол көру қабілеті бұзылған адамдарға кітаптар мен басқа да баспа материалдарға қол жеткізуге құқықтық кедергілерді жоюға бағытталған. Шарт авторлық құқық иелерінен рұқсат алу қажеттілігінсіз туындыларды бейімдеуге мүмкіндік беретін авторлық құқықтан арнайы ерекшеліктерді қарастырады. Бұл кітапханаларға, мамандандырылған ұйымдарға және білім беру мекемелеріне кітаптарды Брайль шрифті, аудиокітаптар және электрондық мәтін сияқты қол жетімді форматтарда құруға және таратуға мүмкіндік береді.

Шартты ратификациялау Қазақстан үшін мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын нығайтудағы манызды қадам болады. Бұл олардың білімге, танымға және мәдениетке тең қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді. Осы шартты 90-нан астам мемлекет ратификациялады. Бұл бүкіл әлем бойынша оқырмандардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, бейімделген кітаптармен халықаралық алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Марракеш шартына қосылуы мемлекеттің әлеуметтік инклюзияға және барлық азаматтардың құқықтарын қорғауға ұмтылысын көрсетеді. Енді мыңдаған зағиптар және нашар көретін қазақстандықтар оқыту, кәсіби даму және мәдени байыту үшін көбірек мүмкіндіктерге ие болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив