Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
495.28 538.32 5.77

АБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ (ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ)

13-02-2025, 12:00 018.kz

Соңғы уақытта «Abay Media Group» ЖШС қарасты ақпараттық-аналитика бөлімінің мамандары дайындайтын Абай облысының қала және аудан әкімдерінің рейтингі қызу талқыға түскені анық. Бұл рейтинг тұрғындарға әкімдердің өз міндеттерін қаншалықты орындайтынын көруге, сондай-ақ олардың жұмысының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беріп келеді. 

«Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңызды: мессенджерлерде топтар құру, жүргізіліп жатқан саясатты қол жетімді түсіндіру, жағдайды модерациялау және басқару», - деп Президент әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге баса назар аударды.

Әкімдер арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды.

Алғашқы үштік рейтинг көшбасшылары: 

1) Талғат Батырұлы Мұратов

2) Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев 

3) Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев

Орташа рейтинг:

4) Данияр Қайырханұлы Шәкәрімов

5) Мейіржан Серікбосынұлы Смағұлов

6) Айдар Маратұлы Ибраев

7) Болат Таңсықбайұлы Әбдірәлиев

8) Нұрлан Мұхаметрақымұлы Борсықбаев

9) Алмас Таныбекұлы Тастенбеков

Аутсайдерлер: 

10) Ерсін Кәдірбекұлы Ескендіров

11) Дәурен Бақытжанұлы Қойгельдин

12) Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев

1. Талғат Батырұлы Мұратов – Семей қаласының әкімі

Әлеуметтік желілердегі белсенділік бойынша Семей қаласының әкімі Талғат Батырұлы Мұратов 3565,1 ұпаймен 2025 жылдың қаңтар айының рейтингінде бірінші орынға жайғасты.

Қаланың жаңа басшысы жұмыс барысында күнделікті белсенділікте жүрген. Қаңтар айында үш рет азаматтарды жеке қабылдау өткізген. Бүгінде Талғат Батырұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына қызу дайындықты бастап кеткен де көрінеді. Облыстың орталық мешітін абаттандыру, қаланың саябақтарын қайта жаңғырту, тұрғындардың өтінішімен кенттер мен саяжайларды аралау сынды көптеген жоспарларды қолға алған. Тіпті көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында қазірден бастап арнайы комиссия құрып, бөгет орнату, қар шығару жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қаланың сәулетшілерімен кездесіп, қала көркін одан ары қарай да көркейтуді жоспарлауда. 

Сонымен қатар, осыған дейін Комсомол кентінің тұрғындары қала әкімі Талғат Мұратовтың жеке қабылдауында болып, өтініштерін жеткізген. Мәселемен толық танысу мақсатында қала әкімі Комсомол кентіндегі Актюбинская көшесіне барып, жергілікті халықпен кездескен. Және қалалық мәслихат отырысына қатысып, депуттарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Әлеуметтік желі де ғана емес, Талғат Батырұлы шынайы өмірде де өзінің белсенділігін көрсетуде. 

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/talgat_batyruly/

*Әлеуметтік желілерді жүргізу туралы Семей қаласының әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

2. Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев – Көкпекті ауданының әкімі

Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы 2139,1 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Қаңтар айы әкімдерге ерекше әсер еткендей. Алғашқы үштіктің бел ортасына жайғасқан Көкпекті әкімі жұмысын аудан ауылдарын аралаудан бастаған. Ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысып, мектептерінің жағдайын білген. Шаруа қожалықтарына барып, азаматтарды жеке қабылдау өткізіпті. Белсенділігі көз қуантады. Ауданда қар тазалау жұмыстары да белсенді жүруде. Сонымен қатар, ауданның дамуына үлес қосып жүрген бизнес өкілдерімен үлкен кездесу өтті. Кездесу барысында алдағы жоспарлар айтылып, өзекті мәселелер талқыға түскен. Нәтижесінде Көкпекті ауданында шаруашылық құрылымдарының және кәсіпкерлердің ортақ қоры ашылды. Қор бұқаралық спорттық-мәдени шараларды қаржыландырып, түрлі бастамаларға демеушілік көмек көрсетеді. Сондай-ақ қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға да қолұшын созбақ. Халықтың қолайлығы үшін жасалып жатқан жұмыстар үшін біз тек қана қуаныштымыз! Белсенділігіңіз өсе бергей!

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/adlet_kozhanbaev/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Көкпекті ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

3. Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы – Бесқарағай ауданының әкімі

Бесқарай ауданы әкімі 1940,3 ұпаймен үздік үштікті қорытындылайды. Әкімнің жеке парақшасына қарасаңыз, кездесулер мен жұмыс сапарларының көптігін бірден байқайсыз. Әрине, бұның барлығы ауданның дамуы үшін жасалған жұмыстар деп білеміз. 

Кездесулердің қатарында меценат, кәсіпкерлер, көрші ауданмен жиын, аудан ауылдарының азаматтары, полиция, өрт сөндірушілер бар. Сонымен қатар, ауданды аралап, тұрғындарды жеке қабылдау өткізіп, бөлім басшыларына тапсырмалар берілген. Ерекше көзге түскені әкім мырзаның «Бесқарағай: Болашақ үшін батыл қадамдар» жарияланымы болды. Мемлекет басшысындай жазылған пост көптеген пікір және лайк жинаған.

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/nurbek_tursynkanuly/

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бесқарағай ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

4. Шәкәрімов Данияр Қайырханұлы – Аягөз ауданының әкімі

Төртінші орында – Аягөз ауданының жаң әкімі Данияр Шәкәрімов. 1132,9 ұпай. Аудан әкімінің жұмысы білім ордаларын аралаудан басталды. Мектептердің жұмысымен танысып, мәселелерді өз көзімен көріп қайтқан. Сонымен қатар аудан тұрғындарын жеке қабылдап, жұмыс сапарымен ауылдық округтерді аралаған. Инвесторлармен және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізген. Оған қоса, әкім мырза аудан тазалығына ерекше көңіл бөлуді жөн көргендей. 

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/daniyar_shakarimov/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Аягөз ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

5. Смағұлов Мейіржан Серікбосынұлы – Абай ауданының әкімі

Бесінші орында 1117,7 ұпаймен Абай ауданы әкімі – Мейіржан Смағұлов. Қаңтар айында аудан басшысы белсенділігін сәл жоғалтып алғандай. Дегенмен бұл мұңаюға себеп емес деп білеміз. Әкім өзінің жұмысын жеке қабылдаудан бастаған. Қабылдау барысында жеке және әртүрлі саладағы мәселелер тыңдалды. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай хоккейден аудан әкімі жүлдесіне арналған турнир өтті. Турнирде сөз алған Мейіржан Смағұлов спорттың маңыздылығын ерекше атап өттім дейді. Ауданның жылуына да ерекше көңіл бөлінген сияқты. Жылу қазандықтарында болып, қатты отын сататын нысандарды аралады. Әрине, қыс уақытындағы ең басты мәселе – жылу. Тұрғындар қыстың қаһарына ұшырамай, аман-есен шығады деген үміттеміз.

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/meirzhan__smagulov/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Абай ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

6. Ибраев Айдар Маратұлы – Бородулиха ауданының әкімі

1063 ұпаймен Бородулиха ауданы әкімі алтыншы орынға табан тіреді. Әкім өзінің жұмысын жоспардан тыс тұрғындарды қабылдаудан бастаған. Белағаш ауылының тұрғыны денсаулық саласына қатысты қордаланған мәселені көтерген. Кейіннен әкім білім ордаларын аралаған. Мекемелердің жұмысымен танысып, ғимараттардың қазір жай-күйін бақылап қайтқан. Жұмыс сапары барысында білім ордаларының заманға сай болуын тапсырған.  Аудан әкімінің қаңтар айы кездесулерге толы болды. Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов және Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Марат Зяббаров бастаған делегация келген. Жұмыс сапары екі жақты ынтымақтастықтың дамуына тағы бір себеп бола білген. Аудан әкімі алдағы уақытта тағы да біраз белсенді болса, жоғары орындарға жайғасады деген үміттеміз!

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/aidar_ibrayev/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бородулиха ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

7. Әбдірәлиев Болат Таңсықбайұлы – Курчатов қаласының әкімі

Жетінші орын – Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдәрілиев. Ұпай саны – 997,7. Жетінші орын үшін ұпай саны өте жақсы, дегенмен…

Әкім парақшасын жүргізу стилін сәл өзгертсе деген ниетіміз бар. Ал Болат Таңсықбайұлы өзінің жұмысын қаңтар айында инвесторлар, кәсіпкерлермен кездесуден бастаған. Дегенмен қандай мәселелер көтеріліп, қандай жоспарлар талқыға салынғаны белгісіз. Ақпаратты толық, әрі нақтылап жазсаңыз деген өтінішіміз бар. 

Сонымен қатар әкім мырза кабинеттегі кездесулерден көз ашпаған сияқты: аппарат жиналысы, бөлім басшыларымен кездесу және тағы да инвесторлармен жолығу. Дегенмен бұның барлығы қаланың дамуы мен өркеуіне жасалған қадам деп сенеміз. 

Оған қоса тұрғындарды жеке қабылдау өткізген әкімнің толық мәліметтерді ұсынбағаны өкінішті. Бірақ алдағы уақытта бұл ұсынымызға құлақ асар деген үміттеміз.

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/bolatabdrali/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Курчатов қаласы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

8. Борсықбаев Нұрлан Мұхаметрақымұлы – Жарма ауданының әкімі

Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаев 937,9 ұпаймен сегізінші орында. Аудан әкімінің жұмысы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың келуімен басталды. Ауданды аралап, тыныс тіршілігімен танысқан. Мәселелер, шешілмеген, түйінін таппаған заттар айтылды деген ойдамыз. Нұрлан Борсықбаев өзінің алдыңдағы әріптестері сияқты әкімдік қабырғасындағы отырыстарды көбірек өткізген. Жеке қабылдау өткізген әкім баспана және жер мәселелері туралы сауалдарға жауап берген. Сонымен қатар зейнеткер ананың үйіне барып, үй кезегіне тұрып үй алу жолдарын түсіндірген. Ал қаңтар айының соңында жұмыс сапары аясында Шар қаласында қабылдау ұцымдастырып, басқа да кездесулер өткізген. Әрине, аудан әкіміне сәттілік тілей отыра, белсенділікті одан әрі арттырса дейміз!

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/nurlan.borsukbaev/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Жарма ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

9. Алмас Таныбекұлы Тастенбеков – Жаңасемей ауданының әкімі

Орташа рейтингті аяқтайтын – Жаңасемей ауданы әкімі. Алмас Тастенбеков 879,7 ұпаймен орташа рейтингті қорытындылайды. Әкімнің белсенділігі жаман емес десек те, басқа әріптестерінен бірнеше ұпайға төмен тұр. Тағайындала сала Алмас Таныбекұлы облыс әкімдігінің қабырғасында Жаңасемей ауданының әкімі ретінде алғашқы актив отырысын өткізді. Отырыс барысында ауданның қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және болашақта атқарылатын жұмыстарымен танысқан. Алғабас ауылына жұмыс сапарымен барып, кейіннен басқа да ауылдарды жұмыс сапары аясында аралаған. Кейіннен аудан басшысы алғашқы тұрғындарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға Озерка ауылының тұрғыны қатысып, өз ұсыныстарын жеткізген. Дегенмен әкім мырзаға әлеуметтік желіде біраз белсенділік жетіспейді. Жаңасемей ауданын зерттеген әкім ары қарай өз жұмыстарын көрсетуде белсенділік танытады деген ойдамыз…

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/almastastenbekov/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Жаңасемей ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

10.  Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы – Ақсуат ауданының әкімі

Аутсайдерледің қатарын Ақсуат ауданы әкімі Ерсін Ескендіров 716,5 ұпаймен ашады. Тағайындала салған кезінде орташа рейтингке қол жеткізген әкім қаңтар айында белсенділігін біраз жоғалтып алғандай. Біраз емес, біршама… Өкінішті-ақ. Аудан ауылдарын аралап, жеке қабылдаулар мен кездесулер өткізіп, тыныс-тіршілікпен танысқан әкім сонда да аутсайдерлердің қатарында. Дегенмен барлығы соншалықты жаман емес, Ерсін Кәдірбекұлы ашықтыққа ұмтылғаны көрініп тұр. Кездесулер туралы ақпараттарды ашық жазып, бюджетке дейін ұсынған. Бірақ рейтингте жоғары болуға әсер бере қоймады. Өзіңіздің «активіңізді» көтересіз деген үміттеміз. Сәттілік!

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/eskendiroversin/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Ақсуат ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

11.  Дәурен Бақытжанұлы Қойгельдин – Мақаншы ауданының әкімі

Он бірінші орында – Мақаншы ауданы әкімі Дәурен Қойгельдин. Қаңтар айында тек қана 10 жарияланым. Және ерекше форматта видео материалдармен ұсынған. Бірақ, бұл формат ұтымды болмағандай. Жеке қабылдаулар, аудан ауылдарына іс-сапар, шекаралық мәселелер жөнінде отырыстар өткізген. Алдағы уақытта өз белсенділігіңізді жоғарылатып, біраз жұмыстарыңызды көрсетесіз деп ойлаймыз.

Әкім парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/koigeldin.dauren/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Мақаншы ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

12. Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы – Үржар ауданы әкімі

Рейтингті қорытындылайтын – Үржар ауданы әкімі. Ақылбек Башимбаев өкінішке орай осы айда соңғы орыннан табылды. Аудан басшысының парақша жүргізу әдісінің өзгергеніне біраз болды. Ақпараттар толық емес, суреттер фото-коллажбен беріліп, белсенділік төмендеген.

Әкім парақшасына сілтеме:  https://www.instagram.com/akylbek.bashimbaev/ 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Үржар ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады. Және ауданның фейсбуктағы парақшасын жақсырақ жүргізу керек.

Қаңтар айының қорытындысы осындай. Облыс әкімі «Біз рейтинг үшін емес, халықтың бағасы үшін жұмыс жасаймыз» демекші, елі үшін қызмет атқаратын әкімдеріміз көп болғай!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив