Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Биылғы жылдың қаңтар айы бойынша ТОП-3 әкім анықталды

13-02-2025, 16:17 018.kz

2025 жылдан бастап «Abay Media Group» ЖШС әлеуметтік желіні белсенді жүргізген үздік әкімдерге арнайы белгі табыс етпек.

Бұл марапат халықпен ашық әрі белсенді байланыс орнатып, аймақтарында атқарылған жұмыстарды жүйелі түрде көрсеткен әкімдерге беріледі.

Қаңтар айының үздік әкімдері ретінде Семей қаласының әкімі, Көкпекті ауданының әкімі және Бесқарағай ауданының әкімі танылды.

Семей қаласының әкімі өз қызметіне кірісе салысымен, жұмысты белсенді түрде бастады. Әртүрлі жиындар мен кездесулер өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тікелей тыңдады. Нәтижесінде, көтерілген мәселелер жедел шешіліп, халық әкімдіктің жұмысына оң бағасын бере бастады. Қысқа уақыт ішінде ол бірқатар маңызды нысандарды аралап, тұрғындардың сенімін арттырды.

Көкпекті ауданының әкімі ауылдағы шаруашылық құрылымдары мен кәсіпкерлердің қатысуымен ортақ қор құрды. Бұл қор арқылы спорттық-мәдени шараларға қаржылай қолдау көрсетіп, қайырымдылық акцияларды ұйымдастырады. Әкімнің мобилография форматында жұмыс жүргізуі де халықтың назарын аударды. Оның бастамалары оқырмандар арасында кеңінен қолдау тауып, әкімнің әлеуметтік желідегі беделін арттыра түсті.

Бесқарағай әкіміне келетін болсақ, оның қабылдаған шешімдері мен жоспарлары елдің күлкісін келтірді. Ол өзін тұлға ретінде көрсетіп, ресми парақшасына авторлық цитатасын жариялай бастады. Егерде осындай түкке тұрғысыз позициясынан қайтпаса, оның ұзаққа бармайтыны сөзсіз. Алайда әкім өзінің мықты PR компаниясының арқасында рейтингте  үздік үштікке еніп отыр. Баспасөз қызметі жариялаған кәсіби фотосуреттер мен бейнероликтер әкімнің медиадағы белсенділігін айтарлықтай жоғарылатты.

Осылайша, үздік әкімдер өз аймақтарында атқарған жұмыстарын тиімді түрде көрсете отырып, халықпен тығыз байланыс орнатқандығы үшін арнайы белгіге ие болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив