Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Облыстық «AMANAT» партиясының филиалында жеке қабылдау өтті

13-02-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облыстық «AMANAT» партиясының филиалында Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлық бөлім басшылары мен қала әкімінің инспекторлары қатысты.

Кездесуге барлығы 6 азамат келіп, тұрғын үй, жол, абаттандыру, балалар алаңдарын салу және т.б. мәселелер көтерілді. Қала басшысы әр тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Холодный ключ кентінің тұрғындары, әрі қала белсенділері әкімнен жол жасау, абаттандыру жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары туралы сұрады.

«Әрбір тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайды. Қала белсенділерінің арқасында халықпен тығыз жұмыс жасауға мүмкіндігіміз артып отыр», - деді қала әкімі.

Кездесу соңында әкім бөлім басшыларынан тиісті тапсырмалар беріп, әрбір өтініштің орындалуын қадағалауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив