Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

19-02-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қар тазалау тәулік бойы жалғасуда. Күндізгі ауысымда 32 бірлікке дейін техника жұмылдырылған. Күн сайын таңғы 4:00-ден бастап жолға құм себу, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазарту, сондай-ақ жол жиегіндегі қар үйінділерін шығару жұмыстары жүргізіледі.

Қала көшелерін қысқы күтіп-ұстауға барлығы 109 техника тартылған. Олардың қатарында әмбебап жол машиналары, тракторлар, тиегіштер, автогрейдерлер және самосвалдар бар.

Қар шығаруға арнайы үш полигон дайындалды: Қарағайлы шағын ауданы, Мұрат саяжайының бұрылысы (35-колония маңы) және Семей-Қайнар тас жолының бойы.

Қыс басталғалы бері 65 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив