Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде қордаланған мәселелер шешімін таппақ

24-02-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімінің жеке қабылдауына 18-қосалқы станса ауданының тұрғындары келіп, жол жөндеу, көше жарығы, балалар ойын алаңын салу және қоқыс шығару мәселелерін көтерген болатын.

Тұрғындардың өтінішін назарға алған қала әкімі Талғат Мұратов жағдайды өз көзімен көру үшін ауданға арнайы жұмыс сапарымен барды. Кездесуге жауапты бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

«Тұрғындардың көтерген мәселесі орынды, сұраныстар ескерусіз қалмайды. Әр мәселе кезең-кезеңімен шешілуі тиіс», – деді қала әкімі.

Жұмыс сапарының нәтижесінде қала басшысы бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив