Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

Семей орманының бас директоры тағайындалды

24-02-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Дәулет Кәкенұлы Байбулатов «Семей орманы» МОТР» РММ-нің бас директоры болып тағайындалды.

Дәулет Кәкенұлы Байбулатов 1967 жылғы 7 қазанда Семей қаласында дүниеге келген.

1986 жылы Лениногор орман техникумын орман шаруашылық технигі біліктілігі бойынша бітірді. 1995 жылы Сібір технологиялық институтын орман шаруашылығы инженері біліктілігі бойынша тамамдады.

Еңбек жолын 1986 жылы Семей механикаландырылған орман шаруашылығының Краснокордон орманшылығының өрт сөндіру станциясының бастығы ретінде бастаған, одан кейін Семей орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорнының орман қорғау инженері, Краснокордон орманшылығының орманшысы, Пригород орманшылығының орманшысы, Қаштак орманшылығының орманшысы, Талицк орманшылығының басшысы, «Семей орманы» МОТР» РММ-нің Семей, Новошульба, Морозов филиалдарының директоры, «Семей орманы» МОТР» РММ бас директордың орынбасарының м.а. қызметтерін атқарды.

Дәулет Кәкенұлы Байбулатов орман шаруашылығы саласында 40 жыл еңбек етіп келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив