Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.5 601.62 6.61

Абай облысының прокуратурасы 128,1 млн. теңге сомасында еңбекақы бойынша берешекті анықтады

27-03-2023, 15:54 018.kz

Абай облысының прокуратурасы ағымдағы жылдың ақпан айына облыстық «Психикалық денсаулық орталығының» (бұдан әрі - Орталық) бөлімшелерінде 128,1 млн.теңге сомасына 646 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. 

Осы мәселені дереу шешу мақсатында облыс прокуратурасы облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшылығының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. 

Бұдан басқа, 28.02.2023 ж. орталықтың басшылығымен, ұжымымен және кәсіподақ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, оның нәтижелері бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасына осы мәселені тез арада реттеу туралы тапсырма берілді. 

Облыс прокуратурасын үйлестіру кезінде медицина қызметкерлерінің алдындағы жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сондай-ақ ағымдағы жылдың ақпан айындағы жалақы уақтылы есептелді. 

Абай облысының прокуратурасы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив