Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
488.53 531.91 5.68

Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты дамуда

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Аудан аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы, аудан арқылы өтетін автомобиль жолдарының ұзындығы 697 шақырымды құрайды. Оның 66%-ы, яғни 461 шақырымы аудандық маңызы бар жолдарға тиесілі. Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Ақсуат ауданының әкімі Ерсін Ескендіров атап өтті.

- Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар басталды. Ақсуат ауылының кіреберісінен айналма жолға дейінгі автомобиль жолын кеңейту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жоба аясында ұзындығы 1,6 шақырым жол асфальтталады. Жолдың оң жақ шетіне 1,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта жолдың екі жағына құм-қиыршық тас төселіп, тегістеу және нығыздау жұмыстары жүріп жатыр, - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Қожагелді ауылындағы медициналық пункттің сыртқы инженерлік желілер құрылысына және Екпін, Құмкөл, Ойшілік ауылдарынан спорт модулі құрылысына облыстық бюджет қаражат есебінен ЖСҚ әзірленген.

- Ауданымызда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және жұмыспен қамту салаларында маңызды жұмыстар атқарылуда. Биыл үш мектепке жаңа модификациялы кабинеттер ашылып, бес мектеп пен бір балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласында 570 млн. теңгеге компьютерлік томография аппаратын сатып алу жоспарланып, Қожагелді ауылында медициналық пунктке сыртқы инженерлік желілер құрылысына 32 млн. теңге бөлінді. Мәдениет және спорт нысандарын дамыту мақсатында Көкжыра ауылында жаңа клубтың жобасы әзірленіп, үш ауылда спорт модулі құрылысына құжаттар дайындалды. Жалпы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты түрде ілгерілеп келеді, - деп қорытындылады Ерсін Ескендіров.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив