Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
489.15 533.47 5.64

Үржар ауданында жолдарды қардан тазарту жұмысы жалғасуда

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар ауданында 7-10 наурыз аралығында күн күрт бұзылып, толассыз жауған сулы қардың мөлшері таулы аймақтарда 1,5 метрге, жазық жерлерде орташа мөлшермен 60-70 сантиметрге дейін жетті. Осының салдарынан ағаштар құлап, электр сымдары үзіліп, аудандағы 13 елді мекен жарықсыз қалған болатын. Қазіргі таңда барлық елді-мекендерде электр жарығы қалпына келтірілді. Семей қаласы, Жарма, Аягөз аудандарынан 7 арнайы техника мен 5 бригада көмекке келді, жалпы саны 10 бригада жұмыс істеді.

Аудандағы 35 елді мекеннің жолын қардан тазалауға 87 арнайы техника тартылды. Таулы аймақта орналасқан Қарабұйрат ауылына баратын жолды ашу жұмысы жалғасуда.

Елді мекендердің ішін қардан тазалауға меморандумға отырған жеке шаруа қожалық иелерінің 40-қа жуық техникасы көмек көрсетті. Аудан орталығындағы қар шығару жұмысына 20 КамАЗ бен 7 жүк тиегіш тартылды.

Сондай-ақ тасқын судың алдын алу мақсатында тоғандар мен арықтарды, көпірлерді, су өткізгіштерді тазарту үшін сенбілік ұйымдастырылып, оған 200-ден астам адам жұмылдырылды. Сенбілікке ауданның барлық мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив