Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Берік Уәли Бородулиха ауданындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады

26-03-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданындағы жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау нысандарын аралады.

Аймақ басшысы Бородулиха ауылындағы орталық аудандық аурухананың жұмысымен танысты. 80 төсек-орынға шақталған медициналық мекеме 30 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді. Аурухана медициналық құрал-жабдықтармен 85 пайыз қамтылған. Қазіргі уақытта аурухананың жылу жүйесі мен қазандығына күрделі жөндеу жүргізілуде. Үш қазандық ауыстырылды.

Медициналық нысандағы өзекті мәселенің бірі - акушер-гинеколог, нарколог, анестезиолог-реаниматолог мамандарының жетіспеушілігі. Аймақ басшысы аурухананың материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылатынын айтып, аудан әкіміне жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесін Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп шешуді тапсырды.

Аймақ басшысы Жезкенттегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығына да барды.

1975 жылы пайдалануға берілген мекемеде 19 төсек-орын қарастырылған. Бұл орталық 9 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда 82 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Облыс әкімі орталықты аралап, бөлімдердің жұмысымен танысты. Аймақ басшысы бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді әрі сапалы болуы керектігін атап өтті.

«Жезкент – аудандағы ең ірі елді мекендердің бірі. 9 мыңға жуық халық тұрады. Кенттегі медициналық мекеме заман талабына сай жабдықталуы керек. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі», – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, ауданда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында үш жоба жүзеге асырылды. Успенка және Ауыл елді мекендерінде медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, Жаңа Шүлбі ауылындағы дәрігерлік амбулатория салынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив