Берік Уәли Ақтоғайда 1961 жылы салынған мектептің жұмысымен танысты
Мектептегі өзекті мәселенің бірі - бала санының көптігі. Білім ордасы 220 орынға шақталғанымен бүгінде мұнда 400-ден астам оқушы білім алуда.
Мәселені шешу үшін мектеп жанынан 240 орындық қосымша ғимарат салу қажеттігі туындап отыр. Бұл мәселе бірнеше рет көтерілгенімен, аяқсыз қалған.
Мектеп директоры облыс әкіміне осы мәселенің шешілуіне қолдау көрсетуді сұрады.
Аймақ басшысы мәселені шешу жолдары қарастырылатынын айтып, аудан әкіміне мектепке жапсаржай салу бойынша тиісті құжаттарды әзірлеп, ұсынуды тапсырды.
Сондай-ақ, ол мектепте Ақтоғай ауылының ақсақалдарымен, белсенді азаматтармен кездесіп, елді-мекеннің өзекті мәселелеріне назар аударды.
Облыс әкімі Ақтоғай кентінің мәселелерінен хабардар екенін атап өтіп, өзекті проблемалар кезең-кезеңімен шешілетін айтты.