Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Қалалық мәдениет сарайында «Шексіздік» мюзиклі сахналанды

17-04-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында 15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай ерекше кеш өтті. Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, қалалық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен көрермен назарына «Шексіздік» мюзиклі ұсынылды.

Махаббат пен сенімнің символына айналған бұл қойылымда режиссер Абай Дәулетұлының жетекшілігімен сахналанған туынды көрермен көңілінен шықты. Басты рөлдерді жас актерлер Едіге Қайыртай мен Гүлвира Әбікенқызы шынайы сезіммен сомдап, көрермендерге терең әсер қалдырды.

Мюзикл барысында қалалық мәдениет сарайының «Ай-Керім» вокалды-аспаптар ансамблі, әншілер мен би ұжымдары өз өнерлерін паш етті.

Әсем ән мен әсерлі хореография, сахна мен жарықтың үйлесімі – көрермендерге шынайы мерекелік көңіл күй сыйлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив