Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Қорғаныс министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілуде

1-04-2023, 14:24 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосының әскери полиция бас басқармасы «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар дайындады.

Бұл құжатқа түзетулер Қорғаныс министрлігінің функцияларын «Әскери полиция органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары мен қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданған заңдарға сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 13 сәуіріне дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14469001 сілтеме арқылы танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив