Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласындағы «Водный» кенті тұрғынының мәселесі шешімін тапты

29-04-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев «Водный» кентінің тұрғындарымен кездесу барысында ауыз су бойынша көтерілген кент тұрғының мәселесімен танысу үшін арнайы баратынын айтқан болатын.

Кеше өткен кездесуде берілген уәдеге сәйкес, бүгін Бекжан Бапышев кентке арнайы барып, тұрғынның жағдайымен танысты.

Су тарту жұмыстары аяқталса да кент тұрғыны бүгінгі күнге дейін ауыз сусыз отырған.

Қала әкімінің міндетін атқарушы оқиға орнына мердігер компания өкілдерін шақырып, аталған мәселені жедел шешіп берді.

Әкімдіктің жедел араласуының нәтижесінде, тұрғынның үйіне су беріліп, мәселе толықтай оң шешімін тапты.

Семей қаласы әкімдігі тұрғындар көтерген әрбір мәселені назардан тыс қалдырмай, оларды уақтылы және сапалы шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив