Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Абай облысында комплаенс-офицерлер үшін семинар өткізілді

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалымен бірлесіп комплаенс-офицерлер үшін үш күндік оқыту семинарын өткізді.

Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы білім деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мониторингінің заманауи әдістерін жетілдіруге және жемқорлыққа қарсы күресте тиімді құралдарды қолдануға бағытталған.

Семинар аясында қатысушыларға мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлық тәуекелдерін тиімді мониторингілеу мен алдын алудың маңызды аспектілері ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Нұржан Нұрлыбекұлы Толыбеков оқу сабағын өткізді, оның барысында комплаенс-офицерлерге жемқорлықтың ықтимал тәуекелдерін болдырмау және процестерді қадағалау үшін мемлекеттік сатып алу порталын қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетті.

Теориялық бөлімнен басқа, семинар практикалық сабақтар мен сұрақ-жауап сессиясын қамтыды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен белсенді бөлісіп, туындайтын қиындықтарды талқылады және жемқорлықтың алдын алу шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар берді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін арттырудың ықтимал жолдарын қарастырды.

«Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау тек қағаз жүзінде ғана емес, нақты тәжірибеде, біздің қызметіміздің әрбір саласында болуы керек екенін есте ұстаған жөн», — деп атап өтті Департамент қызметкерлері.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив