Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында балабақша салынады

12-05-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында жаңа балабақша бой көтереді.

Абай облысының әкімі Берік Уәли 320 орындық білім нысаны құрылысының басталу рәсіміне қатысты.

Құрылыс биылғы жылдың соңында басталып, келер жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі жаңа әлеуметтік нысанның Қарағайлы ықшам ауданы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

"Қарағайлы - Семейдегі үлкен ықшам аудандардың бірі. Халық саны жылдан жылға артып келеді. Бұл ықшам ауданда балабақшаға сұраныс жоғары. Өйткені, бір ғана балабақша бар. Президенттің тапсырмасына сәйкес осы ауданда 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Енді тұрғындардың нақты сұранысына сай балабақша құрылысы басталмақ. Біз қаланың шеткі аудандарын да назардан тыс қалдырмаймыз. Халыққа қажетті нысандар кезең-кезеңімен салынатын болады" – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив