Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Облыс әкімі өнер қайраткерлерімен кездесті

17-05-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі өнер қайраткерлерімен кездесті. Кездесуге Қазақстанның Халық әртістері Майра Ильясова, Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Еркін Шүкіман, Ерлан Рысқали қатысты.

Еркін форматта өрбіген жүздесу барысында өнер қайраткерлері өңірдің мәдениеті мен руханиятына, Абайдың 180 жылдық мерейтойына қатысты ойларын ортаға салды. Облыстың аудандарында, шалғайдағы ауылдарында гастрольдік сапарлар ұйымдастыру, Мәдениет Ешекеев атындағы байқауды дәстүрлі түрде өткізу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Аймақ басшысы өңірдің мәдениет саласындағы бастамаларға тоқталып, ертең Семейде облыстың алдағы жылдардағы дамуына қатысты үлкен жиын өтіп, тұрғындарға жоспарлар мен жаңа жобаларды таныстыратынын айтты. Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің назарға алынатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив