Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Тұрғындардың мәселелерін жүйелі шешу жұмыстары жалғасуда

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты мәселелерді шешу жұмыстары жалғасуда. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жеке қабылдауда айтылған өтініштерді назарға алып, бірқатар мекенжайларға барып, жағдаймен танысуды жалғастыруда.

Атап айтқанда, Уәлиханов 157, Алматинская 28, Тельман 149, Боровая 126 және Достоевский көшесіне барды.

Көтерілген мәселелер арасында тұрғындар аула аумағын абаттандыру, ауызсу, көше жарығы мен жол жабынын қалыпқа келтіру, сондай-ақ цехтан шыққан қатты дыбысқа шағымданды.

Әр өтініш мұқият тыңдалып, бүгінде тиісті бөлімдер мен коммуналдық қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив