Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде Қажи Нұрсұлтанов атындағы VII облыстық олимпиада өтті

22-05-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде белгілі ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қажи Нұрсұлтанов атындағы математикадан VII  облыстық олимпиада өтті.

Абай облысының білім мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары қатысқан дәстүрлі білім бәйгесі биыл жетінші мәрте ұйымдастырылды. Олимпиаданың бірінші мектепшілік кезеңінде облысымыздың 175 мектебінен 2 182 оқушы қатысып, аудандық кезеңге 335 оқушы жолдама алған.Мектепшілік, аудандық  кезеңнен сүрінбей өткен мыңнан жүйрік 107 оқушы дәл бүгін облыс деңгейде өз білімдерін сынады. 

Білім додасының мақсаты – оқушылардың математикалық қабілеттерін анықтау, дарынды балаларды қолдап, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылыми-танымдық қабілеттерін шыңдау, сондай-ақ болашақта халықаралық білім додаларында ел намысын қорғайтын үздік оқушыларды даярлау.

Олимпиада қорытындысы бойынша 41 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І орын – 4, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 26.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Наркен Буркенов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив