Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
507.07 572.53 6.37

Облыс әкімі Семейдің шағын аудандарын дамытуға бағытталған жобалармен танысты

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы шағын аудандарды дамытуға бағытталған жобалармен танысып, әлеуметтік нысандарды аралады.

Аймақ басшысына теміржол бекеті маңындағы аумақты дамытуға, инженерлік желілерді жаңғыртуға байланысты жобалар ұсынылды.

Бұл аудандағы өзекті мәселенің бірі – жылу жетіспеушілігі. Мұндағы үш қазандық жаңғыртуды қажет етеді. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев аймақ басшысына үш қазандықтың орнына жаңа, экологиялық талаптарға сай келетін заманауи қазандық салу жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл өз кезегінде жылу тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі жобаға қолдау білдіріп, сараптама жасап, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырды.

Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Ақсары кентінде болды. Бұл жерде облыс әкіміне шаһардағы су жинағыштарын жаңғырту жобалары таныстырылды. Шаһардың оң жағалауын сумен қамтамасыз ететін «Смычка» су жинағышының жаңартып, қуатын арттыруға қатысты ұсыныстар айтылды. Өйткені, бұл ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандары, саябақтары бар бой жаңа ықшамаудан салынатын болады.

Облыс әкімі қаланың су жинағыштарының жаңғыртудың маңызды екенін атап өтіп, бұл мәселені мұқият зерттеп, ұсыныс беру қажеттігін айтты.

Аймақ басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында Шығыс кентінде салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысын көрді. Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Білім ордасын биылғы желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Бұл мектептің құрылысы Президент Әкімшілігінің тікелей бақылауында. Қала әкімдігі құрылыс барысын қадағалауда ұстауы тиіс. Бекітілген кестеге сай жұмыс істеп, жаңа жылға дейін бітіріп, қолданысқа беру қажет»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив