Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Балалар - біздің болашағымыз

29-05-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана-бөлімшесінде «№3 Бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік мектепке дейінгі мекемесі тәрбиеленушілерінің қатысуымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар үні» тақырыптық күні аясында «Балалар - біздің болашағымыз» атты open-air /ашық аспан астында/ өткізілді.  

Кітапхана ауласы түрлі-түсті шарлармен және плакаттармен безендіріліп, балалар әндерінің әуенімен мерекелік күйге енді.

Кітапхана қызметкері балаларды ашық аспан астындағы тамаша мерекелерімен құттықтап, жазғы уақыттарын танымды және қызықты өткізулеріне тілектес екенін білдірді.

Әрі қарай балалар «Кім жылдам?», «Секірмек», «Қаппен секіру» атты ойындарға қатысып, жұмбақтарды шешті. Балалардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында «Тапқыштар» атты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, сонымен қатар балаларға арналған энциклопедия кітаптарынан квест - викторина өткізілді.

 Шара «Әрқашан күн сөнбесін» атты әнінің әуенімен балалардың асфальтқа түрлі-түсті бормен суреттер салуымен жалғасты. Суреттерінде балалар өз қуаныштарын, бақытты сәттерін, болашаққа деген  сенімдерін көрсетті. Барлық қатысқан балаларға  сыйлықтар таратылды.

Іс-шара соңында балалар «Бақытты балалар – біздің болашағымыз» тақырыбында ұйымдастырылған ашық көрмемен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив