Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды

2-06-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды. Бұл бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанжігіт Омархан баяндама жасады.

Абай облысында мемлекеттік және өзге тілдерді дамытуға бағытталған жұмыс Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі.

Өңірде қазақ тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру мақсатында ересек тұрғындарға мемлекеттік және басқа тілдерді оқытатын облыстық лингвистикалық орталығы және Курчатов қаласында, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті аудандарында тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істейді.

2024 жылы тілдерді оқыту орталықтарында 1400 тыңдаушы қазақ тілін оқыту курсына қатысқан. Сондай-ақ, лингвистикалық капиталды дамыту мақсатында тілдерді оқыту орталықтарында мемлекеттік тілмен қатар орыс, ағылшын тілдері оқытылады.

Мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін бақылауда ұстау мақсатында әр тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп келеді.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының негізінде деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлiн біріздендіру мақсатында әр тоқсан сайын «Көркем тіл, көрікті өңір» атты облыстық айлық ұйымдастырылып келеді. Айлық аясында қалалар мен аудандардың әкімдік өкілдері бизнес субъектілеріне Тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетеді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген талаптарды заң аясында орындауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив