Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.45 598.59 6.58

Облыс әкімі Семейдегі су себу және ауыз су тарту жұмыстарын тексерді

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі тазалық және ауыз су құбырын тарту, жол жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аймақ басшысы әуелі таңғы сағат 7-де Қаржаубайұлы даңғылындағы көше жолдарына су шашу жұмысын тексерді.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың айтуынша, қазіргі уақытта облыс орталығындағы негізгі көшелердің жолдарына күніне үш мәрте су себіледі. Бұл жұмысқа 20-ға жуық техника жұмылдырылған.

Облыс әкімі қаланың тазалығы маңызды екеніне тоқталып, су себетін техникалар санын ұлғайтуды тапсырды.

Аймақ басшысы қаланы аралау барысында Нахаловка кентіндегі су құбырын тарту жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда 4,5 шақырым магистральдық құбыр төселіп, 100-ден астам құдық орнатылған. Қалған учаскелерде жер қазу және құбыр төсеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 6 шақырым болатын магистральдық желі және 10 шақырымдық абоненттік желі салынады. 8 көшедегі 374 үйге ауыз су тарту жоспарланған.

Мердігерлердің айтуынша, Нахаловка тұрғындарын ауыз сумен қамту жұмыстары бір ай ішінде аяқталады. Атап өтерлігі, бұған дейін бұл аумақта үйлерге ауыз су мүлде тартылмаған.

«Мердігер компания өкілдері жұмысты мерзімінен бұрын аяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Ең бастысы, жұмысты сапалы жүргізуіміз керек. Семей қаласының шеткері аудандарын ауыз сумен қамту бойынша жұмыстарды бірінші кезекте атқаруымыз қажет. Бұл – өте өзекті мәселе. Жеке бақылауымда болады»,- деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта Семейде тұрғындарды ауыз сумен қамту бойынша 6 жоба жүзеге асырылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив