Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

30-08-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға тиісті басқарма басшылары, Семей қалалық әкімдігінің, «Отбасы» банкінің өкілдері қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, ауыз су, жарық, ойын алаңдарының жағдайы, сондай-ақ инвестициялық бастамалар мен кәсіпкерлік жобаларды қолдауға қатысты мәселелерді көтерді.

Семей қаласының тұрғыны Сәбит Сәдуақасов Мұрат саяжайына ауыз су құбырын тартуға қатысты сауалдарын қойды. Қабылдауға онлайн жазылған кейбір азаматтар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыруға қатысты өтініштерін жеткізді.

Аймақ басшысы тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив