Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Шараға Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Ауылдық округтерде өрт сөндіру пункттерін көбейту – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ мүлікті қорғаудың маңызды қадамы.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сапаров нысанның ашылуы мемлекет, кәсіпкерлер және мәслихат депутаттарының бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

Жаңа пункт «Новая Заря» ЖШС аумағында орналасқан. Оның құрылуына аудандық мәслихат депутаты, шаруашылық жетекшісі Ерғали Бимурзиннің үлесі зор. Бұл пункт екі елді мекенге қызмет көрсететін болады.

«Биыл облыста 834 өрт тіркелді, оның жартысына жуығы тұрғын үй секторында болған. Жаңа бекет өрт сөндірушілердің жету уақытын қысқартып, ауданның 2304 тұрғыны бар 7 елді мекенін қорғауға мүмкіндік береді», – дейді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель.

Айта кетейік, бұл – соңғы екі аптада ашылған екінші өрт сөндіру пункті. Алдағы уақытта тағы бірнеше ауылдық округте осындай нысандар іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив