Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылында жаңа медициналық пункт қолданысқа берілді

9-10-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Сұңғат Назаров арнайы барып, ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.

Қоянбай ауылы Бесқарағай ауданының Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан елді мекендерінің бірі. Бүгінгі күні ауылда 400 адам тұрады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қоянбай ауылына антенна-діңгекті орнату жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта операторлармен келісімшарттар жасалды. Ауыл тұрғындары жақын арада интернет желісімен толыққанды қамтамасыз етілмек.

«Жаңа медициналық пункттің ашылуы – біз үшін үлкен қуаныш. Бұрын кейде дәрігерлік көмек алу үшін аудан орталығына баруға тура келетін. Енді ауыл ішінде ем қабылдау мүмкіндігі туды. Ең бастысы – тұрғындардың денсаулығына жағдай жасалып отыр», - дейді ауыл тұрғыны Айгүл Сапарбекқызы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив