Қарауылда «Үлгілі үй – 2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында тұрғындардың тұрғылықты аумағын абаттандыруға деген қызығушылығын арттыру, тазалық мәдениетін насихаттау, сондай-ақ ауылдың келбетін көркейту мақсатында ұйымдастырылған «Үлгілі үй – 2025» байқауы өз мәресіне жетті.
Байқау барысында ауыл тұрғындары үйлерінің ішкі және сыртқы келбетін жаңартумен қатар, аула тазалығына, көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлді. Нәтижесінде комиссияның бағалау қорытындысымен ең үздік үш тұрғын үй «Үлгілі үй» атағына лайық деп танылды. Олар:
1️⃣ Сүндетбаев көшесі, №27 үйдің иесі — Әмірен Айтуған Мұқашұлы
2️⃣ Тоқтамыс көшесі, №63 үйдің 2-пәтер иесі — Әділбаев Асхат Уәтайұлы
3️⃣ Бекбосын көшесі, №19 үйдің 1-пәтер иесі — Әкішбаев Бақыт Қанағатұлы
Жеңімпаздар байқау талаптарын толық орындап, аула көркі мен көше тазалығын сақтауда үздік нәтиже көрсеткені үшін тұрмыстық техникамен марапатталды.
Байқау барысында тек жеңімпаз атанған тұрғындар ғана емес, ауылдың ажарын ашуға атсалысқан өзге қатысушылар да ынталандыру шаралары арқылы қолдау тапты. Ұйымдастырушылар ауылда абаттандыру жұмыстарын жандандыру тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын айтты.


