Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абай ауданы ауыл спорт ойындарында жалпыкомандалық есепте ІІ орын алды

22-06-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі ауыл спорт ойындары өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған спорттық додада Абай ауданының құрама командасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Облыс әкімі Берік Уәли жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттап, аудан спортшыларының табандылығы мен жетістігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар облыс басшысы Абай ауданының спортшыларына арналған автобустың сертификатын табыс етті. Бұл — аудан спортшыларының еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет пен қолдау.

Ауыл спорт ойындарына өңірдің 10 ауданынан мыңға жуық спортшы қатысып, ұлттық спорт түрлері мен командалық жарыстардың 16 түрі бойынша бақ сынады. Олардың қатарында қазақ күресі, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, гір көтеру, қол күресі, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлері қамтылды.

Абай ауданының спортшылары барлық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетті. Бұл жетістік — аудан спортшылары мен бапкерлерінің жүйелі дайындығының, еңбекқорлығының және командалық рухының жемісі.

Бұл жеңіс Абай ауданындағы бұқаралық спорттың дамып келе жатқанын және жастардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығының артып отырғанын айқын дәлелдейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив