Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

5-11-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды: 2025 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласындағы №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа мекенжай: Бауыржан Момышұлы көшесі, 22.

Қазіргі уақытта кезекші кесте бойынша №1 ХҚКО (408-ші квартал, 21 мекенжайы) жұмыс істеп тұр. Алайда 1 қарашадан бастап ол бөлім қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Стандартты жұмыс кестесі бойынша ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Ал кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары апта ішінде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, алдын ала кезекке жазылу «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив